«ҚазМұнайГаз» мен CGGC ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серікқали Брекешев China Gezhouba Group Co., Ltd (CGGC, Қытай) вице-президенті Дэн Инцимен кездесті.

Тараптар ҚМГ тобының жоспарланған жобаларын жүзеге асырудағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Өріктау кен орнының шикізаты негізінде газ өңдеу зауытын салу, «ҚазМұнайГаз» еншілес компанияларының кен орындарында шламды бөлу технологиясын енгізу, төмен көміртекті саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) және т.б.

С.Брекешев қытайлық корпорация басшылығына қызығушылық танытып, осы және басқа да салалардағы жобаларды жүзеге асыруда әріптестікті дамыту мәселелерін одан әрі талқылауға дайын болғаны үшін алғысын білдірді.

Анықтама үшін:

CGGC қызмет аясы 12 бағытты қамтиды, оның ішінде гидроэнергетика, жаңартылатын энергия көздері, жылу энергетикасы, сумен жабдықтау және ағынды суларды тазарту, магистральдық мұнай және газ құбырларының құрылысы. Корпорация сонымен қатар терең зерттеулер жүргізеді және мұнай-газ өнімдерін биосепарациялау технологиялары саласында үлкен тәжірибеге ие.

Scroll to Top