Сатып алу бойынша ақпарат

Жалпы ережелер

«Каратон подсолевой» жобасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ Кодексінің 36-бабы 1-2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес күрделі жобаға жатады. Іске асырылып жатқан жобаның технологиялық күрделілігін ескере отырып, заңнамалық деңгейде жақсартылған модельдік келісімшарт бекітілді, ол Атырау және Маңғыстау облыстарында орналасқан «Каратон подсолевой» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге арналған 2023 жылғы 21 маусымдағы № 5238-КСШ-БК келісімшартының 66-тармағына сәйкес Жер қойнауын пайдаланушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру бойынша өз тәртібін әзірлеуді көздейді.

Сатып алу процесі

Жеткізушілерді іздеу

.01

Біліктілік іріктеуді өткізу

.02

Сатып алуды өткізу

.03

Шарттар жасасу

.04

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың негізгі принциптері

Бәсекелестік

Компания ТЖҚ жеткізушісін таңдауда бәсекеге қабілетті, бейтарап, тиімді тәсілді қамтамасыз етеді

 

Әділдік

Компания сатып алу рәсімдерінің барлық қатысушылары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді

 

Жоспарлылық

Компания өндірістік қажеттілікке және бюджеттік жоспарлауға сәйкес тұрақты негізде ТЖҚ сатып алудың жоспарлануын қамтамасыз етеді

Экономикалық тиімділік

Компания еңбек қауіпсіздігі, сапа, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптарды, Компания мен оның Акционерлерінің басқа да стандарттарын сақтай отырып, оңтайлы мерзімде және оңтайлы шарттық талаптарда барынша экономикалық тиімділікпен ТЖҚ сатып алуды қамтамасыз етеді

 

Өкілеттіктерді бөлу және беру

Компания ТЖҚ сатып алу жөніндегі қызметке қатысушылардың шешім қабылдау кезінде иерархия мен өкілеттік лимиттерін сақтай отырып, өз функционалы шеңберіндегі іс-қимылдарға өкілеттіктер мен жауапкершіліктер бөлудің белгіленген тәртібін сақтауын қамтамасыз етеді

 

Айқындық

Компания Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарланып отырған ТЖҚ сатып алу және ТЖҚ әлеуетті жеткізушілеріне қойылатын талаптар туралы ақпаратқа барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді

 
Scroll to Top